{metadescription}
Зейнетақы жинағындағы ақша вагондарды жаңалауға жұмсалады
Зейнетақы жинағындағы ақша вагондарды жаңалауға жұмсалады

Зейнетақы жинағындағы ақша вагондарды жаңалауға жұмсалады

Жұрттың зейнетақы жинағындағы ақшасы тозығы жеткен вагондарды жаңалауға жұмсалады. Бұл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын 173 млрд теңге жайында. 

Ұлттық экономика министрлігі бұған дейін қаражатты "Бәйтерек" холдингінің облигацияларына салу жөнінде айтқан-ды. Өз кезегінде табыс табу үшін ақшаның айналымда болғанын құп көреді екен. Осылайша сенімді қаржы құралына салынған инвестиция тозығы жеткен қырық жылдық жүк және жолаушы вагондарын жаңалауға жұмсалмақшы.

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бұл шығын инфрақұрылым жобаларын, атап айтқанда, қажетті жолаушылар жүк вагондарын сатып алуды жүзеге асыруға көмектеседі. Жолаушылар вагонының 50-70% тозып тұр. Сатып алынатын вагондар отандық компаниялардан жеткізіледі. Тиісінше, ақша біздің экономикамызда қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде