{metadescription}
Алматыда сейсможаттығу сыра зауытынан басталды
Алматыда сейсможаттығу сыра зауытынан басталды

Алматыда сейсможаттығу сыра зауытынан басталды

Алматыда сейсможаттығу сыра зауытынан басталды. Өндіріс тоқтап, 75 жұмысшы тегіс сыртқа шығарылды. Бұрын мұндай оқу-жаттығуға атүсті қарайтын жұрт, соңғы жер сілкінісінен кейін құтқарушылардың айтқанын енді бұлжытпай орындайтыны байқалады. 

Нұржан Сармантаев:

-Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтаудан бізде үнемі дайындық өткізіп тұрады. Осы жақында өткен жер сілкінісінде сол әдістерді қолданып, аман-есен сыртқа шықтық. Жер сілкінісі кезінде мен үйде болдым. Бірінші қимылдап бастағанда бала-шағамызды барлығын оятып, қауіпсіз жерге тұрдық. Сосын екінші рет тербеліс өткеннен кейін барып сыртқа шықтық. Бәрін сыртқа, қауіпсіз жерге алып шығып, күттік.

Бұл жолы зауытта сейсможаттығу ұйымдастырған төтенше жағдайлар қызметі ең алдымен дабылды қосты. Ғимараттан барлық қызметкер сыртқа шығарылып, қауіпсіз жерлерге тұрғызылды. Оқу-жаттығу шарты бойынша қатты зілзаладан тіпті кәсіпорын ішінде улы аммиак газы жарылады. Соның салдарынан зардап шеккендер бар. Оларды жедел жәрдем қызметкерлері дембілге салып, ауруханаға алып кетті. Ал бас сауғалап үлгерген жұмысшылар мен жақын маңдағы тұрғындар үшін мектептен арнайы пункт ашылды. Онда барлығына жарылған газдың иісінен уланып қалмас үшін, респиратор таратылды. 

Арман Мәкенов, Жетісу ауданы ТЖБ бастығы:

–Ең бастысы, үрейге берілмей, сабыр сақтау. Сонымен қатар жер сілкінісі уақытында қауіпсіз аймақтарда тұрып, өзімізбен бірге қауіпсіздік қобдишасын алып, өзімізбен бірге қауіпсіздік аймақтарда бірінші жер сілкініс толқындарын сол жерде күту. Жер сілкініп болғаннан кейін үйдегі барлық инженерлік газ, жарық, су, бәрін сөндіріп, таяу жерде тұрған көшу жолымен қауіпсіз жерге көшу. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде