{metadescription}
Астанада мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен 30 метрдей сүйреген
Астанада мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен 30 метрдей сүйреген

Астанада мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен 30 метрдей сүйреген

Астанада мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен сүйреді. Тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай қашуға әрекеттенген 23 жастағы азамат бірден қамауға алынған.

Тәртіп сақшыларын байқаған KIA көлігінің жүргізушісі тоқта деген талапты елемей, сытылып кетпек болады. Алайда бағдаршам алдындағы кептеліске тіреліп тоқтауға тура келіпті. Сол мезетте есікті ашпақ болған полицейді көріп, алды-артына қарамай жылдамдықты арттырып, инспекторды 30 метрдей сүйреп әкеткен. Бірақ жол бойындағы арпалыс ұзаққа бармай, сол қиылыста-ақ аяқталды. Медициналық сараптама жүргізушінің орта дәрежеде мас болғанын анықтады.

Гүлмира Шырахметова, Астана ПД баспасөз қызметінің басшысы:

-23 жастағы жас жігіттің жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік кодекстің екі бабымен – ішкі істер органы қызметкерінің заңды талабын орындамау және масаң күйде басқаруға құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде