{metadescription}
Ақтөбеде 15 пәтердің үш жылдан кейін басқа қожайыны пайда болған
Ақтөбеде 15 пәтердің үш жылдан кейін басқа қожайыны пайда болған

Ақтөбеде 15 пәтердің үш жылдан кейін басқа қожайыны пайда болған

Үй менікі деме.. Ақтөбеде жаңа пәтер сатып алған он бес тұрғын далада қалуы мүмкін. Себебі қыруар қаржыға сатып алған баспаналарының үш жылдан кейін басқа қожайыны пайда болған. «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді алаяқтар алдап сатып кеткен екен. Енді жаңа қожайындар баспаналарын босатуды талап етуде. 

Баспанасыз қалу қаупі төнген тұрғындар 2020 жылы «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алған. Олар қор арқылы келісімшарт жасағанымен, құжаттың тұпнұсқасын қолына алмапты.

Ырысты Есжанова:

Мен қалай аузымды ашып қалғанымды білмеймін. Сендік. Бәріміз адамбыз ғой. Айтты, сенімхат бар деді. Алматыға нотариус, өзі сол бір ұзын жігітпен де келді. Прокуратура өкілі деп бәріне сеніп қалдық. Алматыға барып, қорға барғаннан кейін бірақ білдік. Ондайды білмейміз. Ондай адам бізде жоқ. Қалай қақпанға түстіңдер дейді.

Тұрғындар кепілде тұрған пәтерлерді алматылық «Проблемалық несие қоры» арқылы шаршы метрін 100 мың теңгеден сатып алғанын айтады. Ал кейін сол пәтерге кіріп жөндеу жұмыстарын бастаған.

Гүлайым Сухралина:

- Мен өз қолыммен аэропортқа барып, ақшамды сол әйелге апарып бердім. Келісім шартқа қол қойдық. Келісім шарт өте сауатты жазылған. Ол сол рейспен Алматыға ұшып кетті. Содан кейін ол әйелді көрмедік. Кейін алданғанымды бірақ білдік.

Не құжатсыз, не қаражатсыз қалған тұрғындарға жаңа қожайындар бұл пәтерлерді босатуды талап етуде. Оған көнбесе, нарықтағы бағамен қайта сатып алуды ұсынып отыр.

Дәмелі Есжанова:

- 1 ақпаннан бастап бізді үйден шығарып жатыр. Сотқа берді. Қазір пәтерлерде жарықты өшіріп тастады. Бес пәтерде жарық жоқ. Кейін суды өшіреміз деді. Ал жылыту маусымы біткен соң тіпті қуып шығады.

«Алаяқтардың арбауына түсіп қалдым» деген тұрғындардар полицияға арыз жазған. Қазір қылмыстық іс тергеуге жіберіліпті.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аталған дерек бойынша Ақтөбе қаласы 2 ПБ ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатпен жіберілді. Қылмыстық іс бойынша 16 жәбірленуші өтіп жатыр.

«Қыстың көзі қырауда далада қаламыз ба» деп қауіптенген тұрғындар сот шешімін күтуге мәжбүр. Енді бұл іс тергіліп, наурыз айында сотқа жолданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде