Өскеменде селфиге бола биік ғимаратқа шыққан қыздар ұсталды
Әдемі селфи жасаймыз деп жазым бола жаздады. Өскеменде биік ғимараттың шатырына шығып суретке түскен оқушы қыздар ұсталды. Енді полиция қызметкерлері олардың ата- ата-анасын әкімшілік жауапқа тартпақ.
Автор: Ұлан Нұрахмет
30.01.2024
Оқушылар демалыс күндері селфи жасамақшы болып биік ғимараттың шатырына шыққан. Олардың көпқабатты үйдің төбесінде жүргенін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Осы арқылы полиция қыздардың жеке басын анықтапты. Суретке түсу үшін басын қатерге тіккендер 6-сыныпта оқиды екен. Енді кәмелетке толмаған үш оқушының ата-анасы заң алдында жауап береді.
Татьяна Карпова, ШҚО ПД баспасөз қызметкері:
- Ата-аналарына кәмлетке толмаған баласына жауапты және дұрыс тәрбие беріп, не істеп жатқанын бақылауға міндетті екенін ескертті. Өйткені бұл кезде жасөспірімдердің өздерне де қауіпті болуы мүмкін. Немесе басқаларға «үлгі» болуы ғажап емес. Олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!