{metadescription}
«Қазақстан» қонақ үйінің жанындағы субұрқақтың бұзылуына қарсы шықты 
«Қазақстан» қонақ үйінің жанындағы субұрқақтың бұзылуына қарсы шықты 

«Қазақстан» қонақ үйінің жанындағы субұрқақтың бұзылуына қарсы шықты 

Жарты ғасыр тарихы бар «Қазақстан» қонақ үйінің жанындағы субұрқақ бұзыла ма? Алматылықтар әсем шаһардың сән-салтанатын арттырған тарихи орынның мұрты бұзылмай сақталғанын талап етіп отыр. Тұрғындар наразылығынан кейін құрылыс әзірге тоқтатылды.

Дәурен Тұрысбеков, Медеу және Түрксіб аудандары бойынша сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің басшысы:

-Қазір Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы аталған обектіде құрылыс монтаждау жұмысын тоқтатты. Меншік иесіне қатысты ҚР Сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның сақталуы мақсатында жоспардан тыс тексеріс тағайындалады.

Енді субұрқақтың аумағында құрылыс жүргізіп жатқан «Крон Стар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоспардан тыс тексеріс жүргізілмек. «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның бұзылмауына құзырлы орындар күш салмақ.

1977 жылы бой көтерген "Қазақстан" қонақүйі Алматының символына айналған. 2010 жылы ол қаланың жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің жаңа мемлекеттік тізіміне де енді. Субұрқақ – қонақүй кешенінің бір бөлігі. Сәйкесінше, күзетілетін нысандар қатарында. 

Анастасия Зверягина, тарихшы, мәдениеттанушы:

-Бұл субұрқақ жергілікті мемлекеттік ескерткіштер тізімінде. Оның ерекшелігі 20 метр биіктікке дейін су шашады. Барлығымыз субұрқақтың қиратылмауына күш салуымыз керек. Бұл Қазақстан қонақүйінің ажырамас бөлігі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде