{metadescription}
Эфирде – заңгер. «Астарлы ақиқатта» жаңа жүргізуші – Бердімұрат Хасенұлы
Эфирде – заңгер. «Астарлы ақиқатта» жаңа жүргізуші – Бердімұрат Хасенұлы

Эфирде – заңгер. «Астарлы ақиқатта» жаңа жүргізуші – Бердімұрат Хасенұлы

Жаңа маусымын ауыс-түйспен бастаған «Астарлы ақиқаттың» бүгінгі эфирі жаңа жүргізушімен жарық көреді. Енді тағдыр тепкісіне түскен тұрғындардың түйткілін Бердімұрат Хасенұлы тарқатпақ.

-Армысыздар! Эфирде «Астарлы ақиқат». Сіздермен бірге мен, Бердімұрат Хасенұлы. Біз бағдарламада шындық пен шынайы оқиғаларды ашық көрсетіп, оның шешімін табуға тырысамыз.

Жаңа жүргізуші Бердімұрат Хасенұлы 1993 жылы дүниеге келген. Үйленген. Екі баласы бар. Мамандығы – заңгер. Бірақ осы уақытқа дейін бірыңғай кәсіпкерлікпен айналысыпты.

Бердімұрат Хасенұлы «Астарлы ақиқат» студиясының табалдырығын 2018 жылы сарапшы болып аттаған. Сол жылдар аралығында тек төрде ғана отырып, кеңес беріп қана қоймай, басы былыққа батқан бірнеше кейіпкердің мәселесіне тереңінен үңіліп, түйткілдің күрмеуін өзі шешіпті. Осылайша елге жасаған жақсылығы еленіп, енді эфирді тізгіндеу бұйырды.

Бүгін КТК жаңалықтарынан кейін жаңа жүргізушінің алғашқы шығарылымы жарық көреді. Онда ащы судың кесірінен ойран болған отбасының мәселесі қаузалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде