{metadescription}
Бұрқасын: Алматы - Ташкент бағытында 26 көлік соқтығысқан
Бұрқасын: Алматы - Ташкент бағытында 26 көлік соқтығысқан

Бұрқасын: Алматы - Ташкент бағытында 26 көлік соқтығысқан

Жамбыл облысында қатты бұрқасыннан күре жолдар жабылып, қозғалыс қиындады. Ақтүтек боран кезінде Алматы - Ташкент бағытының 567 шақырымда ірі жол апаты болып, 26 көлік соқтығысқан. Олардың төртеуі — жолаушылар автобусы. Қазір осы апаттан жараланған 25 адам ауруханаға жеткізілді. Төрт науқастың жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Олардың бірі — кішкентай бала.

Жойқын жол апаты Жуалы аудынына жақын маңдағы Нұрлыкент ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боранда көліктер бірінен кейін бірі келіп соқтығысыпты. Оқыс оқиғадан 25 адам зардап шегіп ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер төрт адам жансақтау бөлімінде жатқанын айтады. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгендердің бірі – бала

Толқын Өмірбаева, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі:

Оның жағдайы орташа, төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың да жағдайы орташа. Қалған 15 адамның аяқ-қолы, кеудесі жарақат алған. Сынған, көгерген. Барлығына тиісті медициналық көмек көрсетілуде.

Қатты аязда апатқа ұшыраған автобуста 47 адам болған. Олар жақын маңдағы жылу пунктіне жеткізіліпті. Қазір апат болған аймақта құтқару жұмыстары жалғасуда.

Руслан Орынбеков Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты күрделі жағдай қалыптасты. Осыған байланысты ТЖД азаматтық қорғау қызметтерін жұмылдыра отырып, жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. 54 адам, оның ішінде 9 бала жылыту пунктіне жеткізілді.

Қазір Жамбыл облысының таулы аумақтарындағы күре жолдар жабылған. Синоптиктер алдағы күндері өңірде суық болатынын болжап отыр. «Қазгидрометтің» мәліметінше, еліміздің шығысы мен оңтүстігінде екпінді жел тұрып, қар жауады. Сондықтан құтқарушылар алыс жолға шыққанда абай болуды ескертіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде