{metadescription}
Қарағанды облысы: Жарылыста жарақат алған бала жалпы палатаға ауыстырылды
Қарағанды облысы: Жарылыста жарақат алған бала жалпы палатаға ауыстырылды

Қарағанды облысы: Жарылыста жарақат алған бала жалпы палатаға ауыстырылды

Қарағанды облысында жарылыста жарақат алған төрт жастағы бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Бас сүйегі зақымдалып миы шайқалған бүлдіршіннің жағдайы орнықты дейді дәрігерлер. Ал екі ер адам әлі ауыр күйде жатыр.

Ботақара кентінде жойқын жарылыс қаңтардың 30-на қараған түні болды. 12 пәтерлі үйде қабырғалар құлап, төбесі опырылып, терезелері ұшқан. Жеті пәтердің талқаны шықты. Үйінді астынан бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұратын ерлі-зайыптылардың денесі табылды. Бес адам құтқарылды. Оның үшеуі ауруханада. Баланың жағдайы бір қалыпқа келді. Ал апат ошағында оңбай күйген екі Өзбекстан азаматы жансақтау бөлімінде жатыр.

Аудан басшылығы баспанасыз қалғандарға жалдамалы пәтерлер қарастырып жатыр. 12 отбасының бірі уақытша туыстарын паналайтын болып шешкен. Ал оқиға куәгерлері апат орнына келген құтқарушылар алдымен қажет құрылғы таппай сандалып, арнайы техникалары жұмыс істемеді деген болатын. Бүгін төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ауыл тұрғындарының осы сынына жауап берді.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығы:

Құтқарушылар алдымен барлау жұмыстарын жүргізді. Бір сәтке тыныштық жарияланып, баланың жылағанын анық естідік. Сол арқылы үйінділерді тазалайтын жерді анықтадық. Жеке құрам құтқару жұмыстарына қажетті құрылғылармен толық жабдықталған. Сонымен қатар инженерлік техника да қалтқысыз жұмыс істеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде