{metadescription}
Павлодарда 47 жастағы азамат биік қабаттан құлап мерт болды
Павлодарда 47 жастағы азамат биік қабаттан құлап мерт болды

Павлодарда 47 жастағы азамат биік қабаттан құлап мерт болды

Павлодарда ішімдікке сылқия тойып алған ер адам оныншы қабаттан құлап мерт болды. 47 жастағы азаматтың сымға ілініп салбырап тұрғанын куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Көп ұзамай мас азамат кіреберістің маңдайшасына құлаған. Алған жарақаты ауыр болып, тілге келмей көз жұмды. Жергілікті тұрғындар марқұмның қайғылы жағдайдан бірер уақыт бұрын өзін «учаскелік полиция қызметкері» деп таныстырып, пәтерлерге кірмек болғанын айтады. Полиция департаменті аталған іс бойынша тергеу жүргізуде.

Алмагүл Төлебаева, Павлодар қаласы ПБ тергеу бөлімшесінің бастығы:

Ер адамның құлау фактісі ҚР ҚК 105-бабы бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» фактісі Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімге тіркеліп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде