ІІМ: Астанаға блок-бекет қойып, қаланы жабудың қажеті жоқ
Астанаға блок-бекет қойып, қаланы жабудың қажеті жоқ. Бас қаланың көшін тыю керек деп бастама көтерген мәслихат депутаты Азамат Айтқожиннің ұсынысына бүгін ішкі істер министрі жауап берді.
Автор: Айжан Шамшидин
31.01.2024
Елорданың миграциясын реттемекке бел шеше кіріскен депутат ұсынысының «түкке де керегі жоқ» дейді Ержан Сәденов. Себебі шаһарға кіріп-шығушыларды бақылап отыратын жедел бақылау құралдары, камералар жеткілікті. Сондай-ақ мұндай қауіпсіздік шаралары тек әскери жағдай мен пандемия сияқты қауіпті кездерде қолға алынады. Ал урбанизацияны блок-бекетпен тежейміз деген белсенді депутаттың ұсынысы көптің шамбайына тигендей. Күні кеше Қосшыдан Астанаға кіреберісте Айтқожиннің фотосы бейнеленген әзіл-шыны аралас блок-бекет іспеттес баннер қойылды. Дегенмен белгісіз азаматтардың туындысы бірден алынып тасталған.
Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
— Астанаға кіруге шектеу қоюдың қажеті жоқ. Біз қандай да бір тәртіп бұзғандар жайлы хабардар болып отырамыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған, күш те, құрал-жабдық та бар. Бұрын барлық жерде бақылау-өткізу бекеттері болған, біз оны алып тастадық. Енді бекеттер тек негізгі магистральдарға қойылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!