{metadescription}
«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» компаниясының былығы ашылды
«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» компаниясының былығы ашылды

«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» компаниясының былығы ашылды

Майдың саудасы басшылардың маңайындағылардан ауыспаған. Бәсекелестікті қорғау агенттігі «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» компаниясының былығын әшкереледі.

Агенттіктің мәліметінше, кәсіпорын пойызға арналған мотор майын сатып алу кезінде бәсекелестік заңын бұзған. Яғни бір компанияның ғана сойылын соғыпты. Нақтырақ айтсақ, май өндіретін Hill Corporation компаниясына ғана басымдық беріп, қалғанын мемлекеттік сатып алудан біржолата шеттеткен. Осылайша 624 миллион теңгеге келісім жасасып үлгеріпті. Алайда «Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» мекемесі мұны заңсыз деп санамайды. Сондықтан тергеу қорытындысымен келіспей, сотта шағым түсірген.

Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

Біз былтыр локомотивке мотор майын сатып алу кезінде «Қазақстан темір жолы- Жүк тасымалы» мен Hill Corporation компаниясы арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер бойынша тергеуді аяқтадық. Тергеу материалдары қаржы мониторингі агенттігіне жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде