Алматы мектебінде ұлттық ойындар мен әдет-ғұрып дәріптелді
Ұлттық құндылықты ұлықтайық! Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуді өзімізден бастауымыз керек деген алматылық ұстаздар бүгін мектеп қабырғасында арнайы іс-шара өткізді. Оған шәкірттермен қоса ата-аналар да шақырылған.
Автор: Салтанат Шырынхан
31.01.2024
Мағжан Жұмабаев атындағы №137 мектепте асық ату, тоғызқұмалақ сынды ойындар насихатталып, әдет-ғұрыпқа қатысты дүниелер дәріптелді. Бүгінгі әдеби-сазды кеште әннен шашу шашылып, күмбірлеген күй де тартылды. Мың бұралған бишілер сахнаның сәнін кіргізді. Ана тіліне жатық, салт-дәстүріне қанық, нағыз қазақы тәрбие алған ұл-қыздар мемлекеттің болашағы. «Осындай рухани иммунитеті қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда» - дейді ұстаздар.
Дидар Серікова, Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы:
— Бұл іс-шара бізде ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатымен балаларымыз еңбек етуі қажет. Өйткені 21 ғасыр — жастардың ғасыры демекші, біздің жасөспірімдер осы ұлттық құндылықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуі қажет. Сондықтан біз қала көлемінде бүгін осы іс-шараны өткізіп отырмыз. Осы ата-бабаларымыздан қалған мирасты сақтау мақсатында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!