{metadescription}
«Сәлем Еуропа» — ата-апасы мен немересі туралы мейірімге толы фильм
«Сәлем Еуропа» — ата-апасы мен немересі туралы мейірімге толы фильм

«Сәлем Еуропа» — ата-апасы мен немересі туралы мейірімге толы фильм

Алматыда жаңа отандық фильмнің тұсауы кесілді. «Сәлем Еуропа» деп аталатын туынды шытырман оқиғаға негізделгенімен, отбасылық құндылықты насихаттауды көздейді. Киносүйер қауымға бұл туынды несімен ерекше?

Жаңа туынды атасы мен апасы және немересі арасындағы мейірімге толы махаббатты суреттейді. Тағдырдың жазуымен жеті жасында жетім қалған Ермекті атасы мен әжесі қолына алады. Жетім болмысын бауырмалдыққа баулыған атаның рөлін белгілі актер Бауыржан Қаптағай сомдапты.

Бауыржан Қаптағай, актер:

Төлембай деген үлкен кісі бір ауылда өскен. Сол ауылдың көшбасары.Ол кісінің сөзін тыңдайды. Мінезі өте нашар. Бір сөзді. Ешкімге мойын бұрмайды. Шындық үшін ауылдың, елдің татулығын қамтитын шал.

Фильм сценарийі ауылдағы ата-әженің шет мемлекетке барар жолдағы қызықтарын баяндайды. Бұл «Сәтті медиа» компаниясының алғашқы фильмі. Авторлар бұл туынды арқылы отбасы құндылығын насихаттауды көздеген. 

Шолпан Батырбаева, продюсер: 

Сценарий маған өте ұнады. Жүрегімнен орын алды. Неге десеңіз, жылылық сезім пайда болды. Ата мен әженің немересіне деген махаббаты туралы, немересіне деген жылулық пен қамқорлығы, мейірімділігі туралы болғандықтан, маған өте ұнады. Және жастарға да өте қызықты болады деп ойлаймын.

Қазақ-қырғыз бірлескен халықаралық жоба идеясының негізгі авторы Қырғызстанның белгілі режиссері Руслан Аргун. Екі жарым айға жуық түсірілген фильмге 80 миллионға жуық қаражат кетіпті.

Рысқұл Қонақбаев, сценарийші:

Жазған кезде де шыны керек, ләззат алдық. Себебі атасы мен апасы үлкен кісілер болса да, олардың кейіпкері күлкі сыйлайтын, өзіне ғашық қылатын адамдар. Бұл кинода екі рет жыладым. Көзімнен жас ақты.Сенімдімін, басқа да көрерменнің де көңілінен шығып бір жылап, бір күледі деп ойлаймын.

Жабық көрсетілімге тілшілерден бөлек, бегілі өнер жұлдыздары шақыртылған екен. Ал бүгіннен бастап үлкен экранға шықты. Фильмді еліміздің барлық кинотеатрынан көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде