Қаржы пирамидасын құрып шетелге тайып тұрған күдікті Испаниядан экстрадицияланды
Испанияда ұсталды. Қаржы пирамидасын құрып шетелге тайып тұрған тағы бір азаматты құзырлы органдар қолға түсірді. Арнайы рейспен елге жеткізілген ер адам 800-ден аса адамды алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.
Автор: Әсем Лесбек
01.02.2024
Қашқын Астана әуежайына жеткізілді. Қолы кісенделген азаматты Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігінің және Интерполдың көмегімен экстрадициялады. Күдіктіні Қазақстанға жеткізу Испания корольдігімен арадағы келісімнің арқасында жүзеге асырылған.
Айта кетсек, ол 2016-2017 жылдар аралығында сыбайластарымен әйгілі Questra Holding қаржы пирамидасын құрған. Сөйтіп интернет желісі арқылы салымшыларға барынша үгіт-насихат жүргізіп, жалған веб-сайттар ашқан. Енді оның қылмысы дәлелденсе, 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!