Қорғаныс министрлігі бітімгерші миссиясына 2 жарым миллиардтан астам қаржы сұрап отыр
Қорғаныс министрлігі жауынгерлерді бітімгершілік миссияларына жіберуге үкіметтен 2 жарым миллиард теңгеден астам қаржы сұрап отыр. Аталған жобаны жасаған ведомство бұл миссияға атсалысу аумақтық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, әлемдік аренада қазақ сарбаздарының беделін арттырады деп санайды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
01.02.2024
Бұл қомақты қаржы бітімгершілік миссиясына ұлттық контингентті ұшақтармен тасымалдау және басқа да жоспарланбаған шығындарға жұмсалады екен. 2003 жылдан бері еліміздің әскерилері 8 елде бітімгершілік миссииясына қатысқан. Осы жолы олар Сирия мен Израиль мемлекеттері бөлісе алмай отырған Голан биіктігінде жұмыс істейді. Екі ел саяси маңызға ие алақандай жер үшін жарты ғасыр бойы қақтығысып келеді. Ұлттық контингент БҰҰ миссиясы аясында екі ел меншіктеп алған бөліктердің ортасындағы шекарада болады. Әскерилер бір де-бір ұрысқа қатыспайды. Ротада барлау, инженер-сапер, техникалық және медициналық құрылымдар ғана бар. Министрлік үкіметтен сұраған қаражаттың есебін 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін береміз деп отыр. Аталған жоба 15 ақпанға дейін қоғам тыңдалымына шығарылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!