{metadescription}
Сенат мақұлдады: Сабақта телефон пайдалануға заңмен тыйым салынады
Сенат мақұлдады: Сабақта телефон пайдалануға заңмен тыйым салынады

Сенат мақұлдады: Сабақта телефон пайдалануға заңмен тыйым салынады

Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға заң бойынша тыйым салынуы мүмкін. Аталмыш заң Сенат отырысында мақұлданып, Президенттің қол қоюына жіберілді.

Сабақ кезінде смартфонға тыйым салу ата-аналар мен педагогтардан келіп түскен өтініштер мен шағым нәтижесінде қабылданған шешім. Құжатты таныстырған оқу-ағарту министрінің орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша,оқушылар телефонды мектепке әкеле алады. Алайда арнайы жәшікке салып, жауапты адамға өткізуі қажет немесе сабақта сөмкесіне салып, үзілісте ғана пайдаланады.

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары:

Біз балаға ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу туралы айтып отырған жоқпыз. Көптеген ата-ана қажет кезінде баласымен байланыса алмай қаламыз деп ойлайды. Шын мәнісінде шектеу тек оқу процесі кезінде ғана қолданылады. Оған он күннен кейін Президент қол қояды. Бұл көп жерде қолданыста бар ереже.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде