{metadescription}
ChatGPT: Қазақстандықтар мемқызметті енді жаңа чатбот арқылы ала алады
ChatGPT: Қазақстандықтар мемқызметті енді жаңа чатбот арқылы ала алады

ChatGPT: Қазақстандықтар мемқызметті енді жаңа чатбот арқылы ала алады

Қазақстандықтар алдағы уақытта мемлекеттік қызметтерді жаңа чатбот арқылы ала алады. ChatGPT деп аталатын жасанды интеллект технологиясы пайдаланушылармен адам кейпінде сөйлесіп, диалог құруға, мәтін жазуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы  Алматыда өтіп жатқан Digital Almaty 2024 цифрлық форумында айтылды. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин e-Gov өнімдеріне жасанды интеллектті енгізуді көздейтінін мәлімдеді. Айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтің 93 пайызы электронды форматта көрсетіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингі бойынша Қазақстан қазір онлайн қызмет көрсетуден 8-ші орынға жайғасқан.

Цифрлық даму министрі мемлекеттік қызмет түрі екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы қолжетімді екенін де еске салды. Соның ішінде ең танымалы   автокөлікті онлайн сату.

Айта кетейік, биыл алтыншы рет өтіп отырған цифрлық форумға IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатысуда. Жалпы 200-ден астам спикер сөз сөйлеп, 30 мыңнан астам адам келеді деп жоспарланған.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Қазір жаңа чатботты дайындау жұмысы жүріп жатыр. Мәзірі қазақ тіліне аударылады. Жалпы Біріккен ұлттар ұйымының рейтингі бойынша Қазақстан қазірдің өзінде онлайн қызмет көрсетуден әлемде сегізінші орында тұр. Бүгінгі Digital Almaty цифрлық форумында ұсынылған идеялар нақты шешімін табады. Оған жарқын мысал ретінде 2023 жылы Кремний алқабында құрылған инновациялық хабты айта аламыз. Бүгінде хаб жаңа стартап жобалардың тартылыс нүктесіне айналды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде