{metadescription}
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды. Бес күн бой тасалаған оны полицейлер қаладан 200 шақырым жердегі қыстақтан тапты.

36 жастағы Нұрболат Дәкебаев қаңтардың 27-сі күні бір жасар балаға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жықты. Оған көліктің жолды көлегейлегені себеп болған. Төбелесті фельдшер телефонына түсіріп алған. Жүргізуші Төреғали Берікқалиұлының мұрны мен қабырғасы сынған. Күдікті сол түні-ақ қарасын батырған. Алтыншы күн дегенде қыстақтан табылып ұсталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ұзақылық әрекетпен дене жарақаттарын салу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде