{metadescription}
Үкімет отставкаға кетті, министрлер қызметін әзір жалғастыра береді
Үкімет отставкаға кетті, министрлер қызметін әзір жалғастыра береді

Үкімет отставкаға кетті, министрлер қызметін әзір жалғастыра береді

Бүгін Үкімет отставкаға кетті. Бірақ жаңа кабинет жасақталғанша, министрлер қызметін жалғастыра береді. Ал премьер-министр қызметін уақытша Роман Скляр атқара тұрады. Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2024 жылғы 05 ақпан Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отставкасы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

Ал Әлихан Смайыловтың қайда баратыны әзірге белгісіз. Үкіметті ол Қаңтар оқиғасынан кейін басқарған болатын. Оған дейін Қаржы министрі, вице-премьер қызметтерін атқарған. Смайылов басқарған Үкіметтің бітіргені ісі де, айтылған сын да аз емес. Экономика жайлап болса да алға басып келеді. Қаңтар оқиғасынан кейін шетел асқан активтерді қайтаруға күш жұмсады. Дегенмен ол іс әлі аяқталған жоқ. Енді миллиардтарды қайтару ісін жаңа премьер жалғастырады. Әзірге сол жаңа кабинет жасақталғанша, премьер қызметін уақытша Роман Скляр жалғастырады. Басқа министрлер де міндетін уақытша атқарушы ретінде қызметтерін атқара бермек.

Айта кетейік, алдағы сәрсенбіге президенттің қатысуымен Үкіметтің үлкен жиыны жоспарланған. Министрлер кабинетінің жаңа басшысын сол кезде біліп қалуымыз мүмкін.

Жанарбек Әшімжан, Мәжіліс депутаты:

Президент қаншама тапсырма берді. Әсіресе әлеуметтік салаларда, білім беру жүйесі болсын, денсаулық болсын. Қаншама төтенше жағдай саласында, өңірлерде атқарылуы тиіс көптеген проблемалар тиісті деңгейде өз орнын таппады. Жүздеген, тіпті мыңдаған сұрақ жолданды. Біз көптеген сауалға тиісті деңгейде жаттанды жауап алып жүрдік. Үкіметке ескерту де жасалған, депутаттар тарапынан. Қоғам тарапынан, халық тарапынан үлкен сынға ұшыраған үкіметтің бірі.

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

Үкіметтің олқы тұстары жоқ емес, бар. Біз бұны депутаттық сауалдарда үнемі айтып жүреміз. Жол мәселесі, мемлекеттік сатып алу, МӘМС, сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы орындау бойынша үкіметке сауал жеткілікті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде