Педофилдерге хирургиялық кастрация жасау ұсынысын Үкімет қолдаған жоқ
Мәжілісмендер педофилдерге де жазаны қатаңдатуды, дәлірек айтқанда, хирургиялық кастрация жасауды ұсынған екен. Алайда ол бастама Үкімет тарапынан қолдау таппапты.
Автор: Айжан Шамшидин
05.02.2024
Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:
— Бір топ депутат ұсынысына Үкімет қарсы шықты. Келтірген аргументтері тым әлсіз. Мұның адам құқығы конвенциясына қарсы екенін айтты. Біз педофилдің бәрін кастрациялау керек деп тұрған жоқпыз. Біз шешімді сот қабылдаса дейміз. Егер педофилия аса қатігездікпен жасалса, біз хирургиялық кастрацияны жасау керек деп есептейміз. 30-40 жылдан кейін түрмеден шыққан адам қылмысын қайталамайды деп ешкім айта алмайды.
Айта кетейік, елімізде әзірге педофилдерге химиялық кастрация қолданылады. Үкімет хирургиялық кастрация нормасын қабылдасақ, адам өміріне қол сұғушылық болып саналады деп отыр. Ал бұл халықаралық конвенцияға қайшы екен. Десе де депутаттар мұнымен тоқтап қалмаймыз деп бекінген. Заңға өзгеріс әлі талқылауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!