{metadescription}
Таразда нан қымбаттап, 120 теңгеден сатылып жатыр
Таразда нан қымбаттап, 120 теңгеден сатылып жатыр

Таразда нан қымбаттап, 120 теңгеден сатылып жатыр

Таразда нан бағасы бірден 20 теңгеге қымбаттап, дүкендерде 120 теңгеден саудалануда. Наубайхана иелері ас атасының қымбаттауына әлеуметтік ұнның берілмеуі себеп дейді. Ал жергілікті жұрт нан бағасының өсуі аз қамтылған отбасыларға ауыр тиетінен айтып отыр.

Мынау дұрыс емес қой, өзіміздің Қазақстанда сонша бидай болып тұрып, біздей зейнеткерлерге қиын, көпбалалы аналарға да қиын, бұл дұрыс емес деп ойлаймын.

Бүгін дүкеннен 120 тенгеге алдым. Қазір, міне, зейнетақы аламыз, оны комуналдық қызметке төлейміз бе, басқа баратын жеріміз бар. Берекесін берсін дейміз, басқа не дейміз?

Ал жергілікті әкімдік бағаны өсіру туралы шешім «наубайханаларды экономикалық өсімге бағыттау үшін» қабылданғаны айтады. Шенділердің сөзінше, өңірдегі сегіз ірі наубайханадағы мыңға жуық жұмысшының жалақысы жылдар бойы өзгеріссіз келген. Әрі тозығы жеткен жабдықтар жаңартылуы тиіс. Енді тұрақтандыру қорынан ұн берілмегендіктен, нан бағасы жергілікті нарыққа қарай құбылып тұрмақ. Яғни ұн бағасы түссе, нанның бағасы да арзандайды.

Әкімдік өкілдері нанның құны өскенімен, баға жүгенсіз жіберілмейді дейді. Қазір қаладағы 93 ірі сауда орнындағы баға бәз қалпында қалған. Ал қалған 250-ден астам сауда орны нанды 120 теңгеден сатып жатыр.

Аспандияр Сейсебаев, Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы:

Ертең ұн түсетін болса, 110 теңге болуы мүмкін. Сондықтан біз осындай шешімге келдік. Мониторинг, сауда заңы, монополия заңы ілесе жүреді. Барлық жерде бақылау жасаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде