{metadescription}
Мәжілісмен пилондағы спорт түрін «стриптизге» теңеймін деп басы дауға қалды
Мәжілісмен пилондағы спорт түрін «стриптизге» теңеймін деп басы дауға қалды

Мәжілісмен пилондағы спорт түрін «стриптизге» теңеймін деп басы дауға қалды

Мәжілісмен Таңсәуле Серіков пилондағы спорт түрін «стриптизге» теңеймін деп дауға қалды. Халық қалаулысы бұған дейін бюджет бүйірін сорып отырған орынсыз спорт түрлеріне қаржы бөлуді доғару керек деген-ді. Ұлттық менталитетімізге жат болғандықтан, пилоншыларға мемлекеттік деңгейде ақша бөлінуіне депутат түбегейлі қарсы.

Таңсәуле Серіков, Мәжіліс депутаты:

Бұл ақпараттық шабуыл ғой. Егер мен берген ақпараттты жақсылап қарайтын болсақ, ол жерде балаларға, спортпен айналысатын адамдарға еш қатысы жоқ, бұл жерде ұлттық стандарт мәселесі көтерілді. Біз 180 спорт түрін ұлттық стандартқа кіргізейін деп жатырмыз ғой. Ол спорттың тарихын қарастыратын болсақ, ұлттық менталитетіміз бар. Сол ұлттық менталитетке жат келетін нәрсе.

Еске салсақ, өткен аптада ғана Мәжілісте депутат Таңсәуле Серіков не Олимпиадада, не Азия ойындарында спортшылары жарытып жетістікке жетпейтін спорттағы пилон, халық арасында «стриптиз» делінетін спорт түрін оңдырмай сынаған-ды. Көп ұзамай пилоншылар қауымдастығы бұл сөз намысымызға тиді деп Президентке бейнеүндеу жазды. Сөзіне дәлел келтіру үшін инстаграм парақшасына жарыстарынан бір үзік видео жүктеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде