{metadescription}
30 миллионға «салынған «әжетханалар тек қағаз жүзінде — Сарқан ауданы
30 миллионға «салынған «әжетханалар тек қағаз жүзінде — Сарқан ауданы

30 миллионға «салынған «әжетханалар тек қағаз жүзінде — Сарқан ауданы

30 миллион теңге кетті деген әжетханалар қайда? Жетісу өңірінде жолаушыларға арналған дәретханаға бюджеттен осыншама қаражат бөлініпті. Бірақ санитарлық-гигиеналық нысан тек құжат жүзінде ғана. Қазір қылмыстық іске қатысты прокуратура тергеуді бастап, әкімдіктегі қай шенеуніктің кінәлі екенін анықтауға кірісті.

Осылайша былық Сарқан ауданының әкімдігінен шығып отыр. Ондағы шенеуніктердің бірі 30 миллион теңгеге жуық қаражатты жол бойына орнатылуы тиіс әжетханалар үшін бөлген. Алайда құжатта бар дәретхананың бірде-біреуі трассаның бойынан табылмады. Әзірге аталған іске қатысты ешкім жауапқа тартылмаған. Облыстық прокуратура «аса ірі көлемде жымқыру» бабы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Кінәлілер анықталса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ләйлім Әбілмәжінова, Жетісу облысы прокурорының көмекшісі:

Осы фактілер бойынша Жетісу облысы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасын, ҚР ҚК 189-бабаның 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінші тергеп-тексеру басталды. Бұл ерекше ірі көлемдегі жымқыру болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.