{metadescription}
Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады
Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

2027 жылға қарай Алматыда үшінші теміржол вокзалы болады. Ол Мәдениет ықшам ауданында салынады деп жоспарлануда.

Қазір жергілікті әкімдік "Қазақстан темір жолымен" бірлесіп вокзал жобасын әзірлеп жатыр. Құрылысы нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз әрі қанша қаражат жұмсалатыны да есептелмеген. Дегенмен платформасы мен бекетін «Қазақстан темір жолы» компаниясы, ал маңайындағы құрылысты әкімдік өз қаражатына салуды көздеп отыр. Қаланың бас жоспар ғылыми институтының мамандары жаңа үшінші вокзал солтүстік поли-орталықта бой көтеретіндіктен, қазіргі екі вокзалдағы жолаушылар нөпірі мен жүк тасымалынан түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

Жанат Айтілеу, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ЖШС бөлім басшысы:

Алматы-1, Алматы -2 темір жол вокзалдарына халықтың қатынауы қиындап кетті. Бүкіл қаланың батыс жағынан қаланың шығыс-солтүстік жағына қарай үлкен жол болады. Қаланың солтүстік-батыс жағында «Мәдениет» деген шағынаудан бар, соның аумағында Боралдай ауылымен шекаралас жерде, яғни теміржолға жақын жер таңдалды. Техникалық экономикалық негіздемеге байланысты қанша қаражат шығу керек, соны қаланың әкімдігі мен, темір жол басқармасы өздері бірігіп шешеді ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде