{metadescription}
Қарағандыда пойыз жеңіл көлікті жапырып өтті
Қарағандыда пойыз жеңіл көлікті жапырып өтті

Қарағандыда пойыз жеңіл көлікті жапырып өтті

Қарағандыда жеңіл көлікті пойыз жапырып өтті. Бірақ теміржол тұйығынан жаңа шыққан отарба жылдамдық алып үлгермегендіктен, көліктегілер аман қалды.

Соның өзінде локомотив көлікті бірнеше метрге дейін сүйреп кеткен. Hyundai автокөлігіне айтарлықтай зақым келгенімен, жүргізушісі мен бір жолаушыға дым болмапты.

Еске салсақ, дәл осы теміржол өткелінде оншақты күн бұрын тап осындай апат болған. Ол кезде де пойыз «Лада» көлігін басып кетті. Соның салдарынан жүз метрге дейін сүйрелген көлікте отырған алты адам жаншылып, төртеуі ауруханаға түссе, екеуі сол жерде мерт болған-ды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде