{metadescription}
Қаскелеңде 30 отбасы мердігерлер дауынан өз пәтеріне кіре алмай жүр
Қаскелеңде 30 отбасы мердігерлер дауынан өз пәтеріне кіре алмай жүр

Қаскелеңде 30 отбасы мердігерлер дауынан өз пәтеріне кіре алмай жүр

Алматы облысында 30 отбасы өз пәтеріне кіре алмай жүр. Қаскелеңдегі тұрғын үй кешеніне қаражат құйғандар баспана кілтін былтыр алуы керек болған. Бірақ құрылыстың 90 пайызы аяқталса да, жылуы мен жарығы әлі күнге дейін тыртылмай отыр. Оған құрылысқа жауапты мердігерлер арасындағы дау себеп.

Бірі қазір қамауда, екіншісі банкке берешек болып, үй тұрған аумақты сонда кепілге қойған дейді тұрғындар. Ал зардабын қарапайым үлескерлер тартуда.

Үш қабатты «Мак» тұрғын үй кешеніне ақша құйып, енді сенделіп қалғандардың бірі Маржан Орысбек. Екі жыл бұрын екі бөлмелі пәтеріне 13 миллион теңге төлеген. Жыл соңына дейін кілтін алуы керек еді. Бірақ әлі күнге дейін өз үйіне кіре алмай жүр.

Маржан Орысбек: 

Мен жартылай өзім жинаған ақшам болатын және жетпегеніне несие алдым. Жұмыс істеп жүрмін. Әрине, маған қиын. Туысқанымның үйінде тұрып жатырмын. Өзімнің үйім болуы керек деп ойлаймын. Осынша жасқа келіп, ақшаны беріп, енді сендерге жоқ ештеңке деп отыр.

Пәтеріне кіре алмай жүрген жалпы 30 адам. Бәрі ақшасын төлеген. Құрылысы қызу жүріп, былтыр 90 пайызы аяқталған. Тек жылу мен жарықты ғана тарту қалыпты. Әні-міне кілті беріледі деген кезде жұрт бүкіл үйдің банкте кепілде тұрғанын естіп шошыған. Сөйтсе үйді соққан құрылыс компаниясының серіктесі бар екен. Ол сол жердің қожайыны. Қорыта айтқанда, меншік иесінің банк алдында да, ел алдында да берешегі бастан асады деп тұрғындар. 

 Нұргүл Әлмұханова;

Утебаева Қарлығаш осы «Торедо» мен біздің инвесторлардың 255 миллионын жымқырған. Енді қазір мән-жәйін ауданның ішкі істер департаменті білмей, «Торедо» ЖШС бас директоры Жүнісова Жәмиляны қамауға алды. Утебаева Қарлығаш бұл үйді бір рет сайтта сатуға қойған. Қазір ешкімде кепіл жоқ, ол үйді сатып жібермейтініне. «Торедо» компанияның бас директорын қамаудан босатуға ма, жоқ оның қасына Утебаева Қарлығашты да қамауға алынсын.

Компаниядағылар үйдің соғылып бітпей жатқанына меншік иесі кінәлі деп отыр. Ал басшыларының қамауға алынғаны заңсыз екеніне сенімді.

Әлия Жүнісова, «Торедо» ЖШС менеджері: 

Ешқандай аудит, ешқандай сараптама жүргізілмеген. Тергеу жүргізілмеген. Ғимарат Өтебаева Қарлығаштың атында. Коммуникацияны жүргізуші үшін сол кісінің рұқсаты керек. Ол кісі егер компанияның атына аударса, коммуникациядан өткізіп, үй иелері пәтерлерін алушы еді.

Күтіп-күтіп әбден шаршаған қараша полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары іс алаяқтық бабы бойынша қозғалды деп қана айтып отыр.

Ринат Имеров, Қарасай ауданы ПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы: 

Қылмыстық істер қозғалып, 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен қоғалып тұр. Жәмилаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Жұрттың полицейлерге де өкпесі қара қазандай. Айтуларынша, арыз бірнеше рет жазылса да, тергеу созбалаңға салынып кеткен. Үйлі боламын деген арманы орындалмай, салы суға кеткен қараша комуналдық жүйеге қосуға рұқсат бермей отырған меншік иесін де жазаға тартылуын талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде