Kazakhstan sociology lab мектебінің тегін дәрістері басталды
Әлеуметтанушылар заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп, дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік алды. "Ел үміті" корпоратив қорының қолдауымен жасақталған Kazakhstan sociology lab әлеуметтанушылар мектебі биыл екінші лекке дәрісін бастады. Оған еліміздің әр түкпіріндегі жоғарғы оқу орындарынан іріктелген студенттер мен кәсіби мамандар қатысып жатыр. Сегіз айға созылатын оқуды онлайн да, офлайн да өтуге жағдай жасалған.
Автор: Мерей Қалиасқар
05.02.2024
Әлия Сәрсекеева, Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебінің жетекшісі:
— Дерек жинау мен талдаудың жаңа әдістерін ұсынуға бағытталған бұл жоба былтыр сәтті жүзеге асып, алғашқы лектің 55 оқушысы тың дүниелерді меңгеріп шықты. Биыл да әлеуметтанушылар, саясаттанушылар мен маркетологтар арасында Kazakhstan sociology lab-қа қызығушылықтың артқанын байқап отырмыз. Іс-шарада жоба жетекшілерінен бөлек, өзге де сарапшылар «Заманауи ғылымдар жергілікті сараптаманың құралы», «PR мен «БиАй бағдарламалауға кіріспе» тақырыбында шеберлік сабақ өткізіп жатыр.
Екінші оқу маусымына жер-жерден 94 үміткер ниет білдіріп, соның 37-сі іріктеуден өткен. Қызуғушылық танытқандардың ішінде әсіресе білім беру, жұмыспен қамту және бизнес салаларының мамандары басым. Сегіз айдан кейін мектепті тәмәмдаған мамандар елдегі маңызды әлеуметтік мәселелердің шешімі ретінде салмақты әрі дәйекті ой қаузай алатын кәсіби әлеуметтанушыға айналады деген сенім мол. Дәріске ден қойып келген оқушыларға ұсынылып отырған курстар — тегін. Олар статистика негіздері, сапалық әдістер, талдау мен сауалнама зерттеулері сынды модульдер. Сондай-ақ, ғылыми жобалар бойынша да жұмыс жүргізіледі.
Мадияр Алдияров, Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебінің мүшесі:
— Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет деңгейінде тек қана қоғамдық емес, әлеуметтану ғылымын, жалпы мемлекетті басқару саласында әлеуметтану ғылымының білімін пайдалану өзектендіріліп жатыр. Сол себепті мен мемлекеттік саладағы маман ретінде әлеуметтанулық білімімді тереңдету мақсатында осы мектепке қатысуға бағдар қойдым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!