{metadescription}
Ел тарихында Үкіметтің 12-ші басшысы сайланды — Олжас Бектенов
Ел тарихында Үкіметтің 12-ші басшысы сайланды — Олжас Бектенов

Ел тарихында Үкіметтің 12-ші басшысы сайланды — Олжас Бектенов

Үкіметтің жаңа басшысы тағайындалды. «Аманат» партиясы ұсынып, президент қолдаған кандидатураға Парламент де қарсы келген жоқ. Олжас Бектенов бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі. Тәуелсіз ел тарихындағы Үкіметтің 12-ші басшысы былтыр сәуір айынан бері Президент әкімшілігінің жетекшісі болған.

Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. Бір қызығы, Мәжілістегі бүгінгі жиында спикер Ерлан Қошанов төбе көрсеткен жоқ Төменгі палата төрағасы ковид жұқтырып алыпты.

Су жаңа премьердің тағайындалатыны сол жағалаудағы атмосферадан-ақ бүгін сезілді. Коммуналдық қызмет онсыз да таза Ақорда, Мәжіліс пен Сенаттың алдын таңмен қардан аршып қойған. Кандидаттың есімі де көп күттірген жоқ. «Аманат» партиясы күні кеше ғана босаған Әлихан Смайыловтың орнына Олжас Бектеновты ұсынды. Конституцияға сәйкес, бұл Парламенттегі көпшілік, яғни билік партиясының құқығы. Ал президент барлық фракция жетекшілерімен ақылдаса келе, түстен кейін оны Парламентке ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Олжас Бектенов тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. Оның Қазақстан экономикасы және басқа да салалар бойынша білімі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, өзі тәртіпті, адал, еңбекқор азамат. Сондықтан ел экономикасының алдында тұрған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын.

Сонымен президент «тәртіпті» деп сипаттама берген 44 жастағы кандидатқа 69 депутат жақтасып дауыс берді. «Ақ жол», Respublica мен «Ауыл» партиялары Олжас Абайұлының кандидатурасын қолдаса, «Қазақстан халық партиясы» мен «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы дауыс беруде қалыс қалған. Ал премьер ретінде алғашқы мәлімдемесін Бектенов экономика мен өндіріске жаңа серпін беремін деп бастады.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Үкімет Президенттің артқан тапсырмаларына баса мән береді. Мұнай-газ және металды өңдеу, машина жасау, автобөлшектер шығару, яғни жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын салаларды барынша дамытамыз. Онтадық өндірісімізді ынталандыруға бағытталған нақты шаралар қабылданатын болады.

Президент үлкен сенім артқан Бектенов премьерлікке тегіннен-тегін таңдалмады деп отыр депутаттар. Сыртқа кеткен активтерді қайтару, жемқорлық қанына сіңіп кеткен шенеуніктерді бір сілкіп алу су жаңа премьерге артылған міндеттердің бір парасы.

Алматыда туып-өскен ол бүгінге дейін бірқатар лауазым атқарған. 2023 жылдың сәуіріне дейін бір жылдай антикорды басқарса, соңғы жұмыс орны Президент әкімшілігіне жетекшілік етті.

Азат Перуашев Мәжілісепутаты:

Бектеновтің мінезінде ерекшелігі көп сөйлемейді. Ол түріне қарасаңыз, сондай интеллигентный болып көрінеді, бірақ мінезі қатаң. Ол өз сөзінен таймайды, айтқанын соңына дейін жеткізе алады.

«Өңірге бармаған, өмір көрмеген» деген тәмсіл бар шенеуніктер арасында. Бұл ретте Олжас Абайұлы бұған дейін Ақмола облысында әкім орынбасары, Астана қалалық әкідігінің аппаратын да басқарған. Қызмет жолындағы осы лауазымдары, депуттардың пікірінше, премьерлік жолында көмек болады.

Айдарбек Қожаназаров, Мәжіліс депутаты:

Олжас Абайұлы Бектенов өңірде жұмыс істеген кісі. Ол жергілікті әкімдіктерде қалай жұмыс істейтінін көрген өз көзімен. Жергілікті Ақмола облысында жұмыс істегенде жергілікті халықпен қалай жұмыс істейтінін көрген. 

Ал 52 жастағы шенеунік Әлихан Смайылов саясат сахнасынан біржола кетті ме, жоқ па, ол әзірге уақыт еншісінде. Бұған дейін қаржы саласында еңбек еткен оны мәжілісмендер өңірге жіберілуі мүмкін деген болжамдарын айтып қалды. Президент жүрген жерде нөкерлерін ертіп әкететін шенеуніктерді талай сынаған. Бұл жолы да «ұлы көш» тиылып, премьер команда ауыстырумен емес, нақты халықтың әл-ауқатын арттырумен басы қату керек деген сенім бар.

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

Ең бірінші жаңа Үкімет қолды болған активтерді қайтару, екінші мәселе салықтық түсімдерді көбейту, және ең бастысы бюджетті тиімді әрі үнемді пайдалану.

Деупаттардың ғана емес, ел халқының Қазақстан тарихындағы 12-ші премьер Олжас Бектеновтен күтері көп. Үкіметтің жаңа басшысы бүгіннен қалдырмай өз командасын жасақтап тастады. Ал ертең президенттің қатысуымен үлкен жиын өтеді. Осылайша Үкіметте қордаланған бар мәселені шешуге бел буған ол жарғақ құлағы жастыққа тимей жұмыс істеуіне тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде