{metadescription}
Ауыс-түйіс: Бірқатар министр қызметін сақтап қалды
Ауыс-түйіс: Бірқатар министр қызметін сақтап қалды

Ауыс-түйіс: Бірқатар министр қызметін сақтап қалды

Жаңа кабинет толық жасақталуға жақын. Әзірге белгілісі, қаржы, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар министрлерінен басқасы өз қызметін сақтап қалған.

Вице-премьер әрі қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан басқа Үкімет басшысының барлық орынбасары қайта тағайындалды. Сыртқы істер, Ішкі істер, қорғаныс, оқу-ағарту, цифрлық даму, ауыл шаруашылығы және әділет министрлері де бұрынғысынша жұмысын жалғастырады.

Жаңа Үкіметте Бектеновтен басқа үш жаңа министр бар. Денсаулық сақтау министрі қызметіне Ақмарал Әлназарова тағайындалды. Бұған дейін ол Сенат депутаты болған. Ал оның Мәжілістегі әріптесі Мәди Тәкиев бүгіннен бастап қаржы министрі.

Төтенше жағдайлар министрлігіне Президент күзет қызметінің бұрынғы бастығы Шыңғыс Әрінов келді.

Ал Ұлттық экономика министрі әрі вице-премьер болып "Бәйтерек" холдингінің бұрынғы басшысы Нұрлан Байбазаров тағайындалды.

Олжас Бектеновтың бұрынғы орнына Президент әкімшілігінің басшысы болып Айбек Дәдебаев тағайындалды. 43 жастағы Дәдебаев соңғы екі жыл Президенттің іс басқарушысы қызметін атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде