{metadescription}
Сарапшы: Олжас Бектенов батыл шешімдерімен белгілі
Сарапшы: Олжас Бектенов батыл шешімдерімен белгілі

Сарапшы: Олжас Бектенов батыл шешімдерімен белгілі

«Ол батыл шешімдерімен белгілі». Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің тағайындалуы турасында сарапшы да осылай деп пікір білдірді. Саясаттанушы Жанар Төлендинованың айтуынша, осы қиын-қыстау кезеңде ұйымдастырушылық әрі тапсырманы тиянақты атқаруымен көзге түскен білікті әрі қатал басшы ғана жағдайды өзгерте алады.

Жанар Төлендинова, ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының атқарушы директоры:

Қазіргі қиын жағдайда, әлеуметтік-экономикалық мәселелер көбейген тұста әсіресе бюджеттік тәртіпті күшейтіп,заңсыз активтерді қайтару жұмысына шеберлігі мен білімі шыңдалған Олжас Бектеновтің пайдасы тиеді деген ойдамын. Ол өзінің бұрын атқарған қызметтерінде батыл қадамдарды көрсетті. Құрылымдарды тиімді реформалай алатынын байқатты. Бұл тұста мемлекеттік аппаратты оптимизациялауда және бюджет қаржысын реттеуде оның қарым-қабілеті бірден бір сұранысқа ие.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде