Жаңбыр: Атырауда үйлер суға кетіп, көліктер жүре алмай қалды
Атырауды су басып жатыр. Екі күн бойы толассыз жауған жаңбырдан тұрғын үйлер суға кетіп, көшеде жаяу жүргінші түгілі, көліктер жүре алмай қалды.
Автор: Жанат Молдашова
06.02.2024
Үйін су басқан тұрғындар жергілікті билікке наразы. Өйткені жыл сайын қайталанатын жағдай жұртты әбден мезі еткен. Себебі қалада су ағатын арық жүйесі мүлде жоқ. Соның салдарынан оқушылар мектепке бара алмай қалған. Малмандай су болған халық 109 нөміріне үздіксіз хабарласып жатыр. Түске дейін 250-ге жуық қоңырау түскен. Ал қала әкімдігі жауын айлық мөлшерден тым көп түсті деп ақталуда. Сондықтан арнайы техникаларды алдымен суға кетіп жатқан тұрғын үйлерге бөліп, біраз ықшамаудан тазаланды деп отыр.
Темірлан Әубәкіров, Атырау ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
— Көшеде 38 дана техника жұмыс істеп жатыр. Оң жағалау және сол жағалау екі жақтан арнайы техника бөліп жұмыс істеуде. Кешегі күнмен салыстырғанда 1800 текше метр су қала сыртына шығарылды. Бұл жұмыс үздіксіз атқарыла береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!