{metadescription}
«Ертіс орманы» резерватының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды
«Ертіс орманы» резерватының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды

«Ертіс орманы» резерватының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» резерватының басшысы жүйелі түрде пара алды деген күдікпен екі айға қамалды. Арман Бектеміровті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен прокуратура қызметкерлері тұтқындаған.

Оған ормандағы санитариялық тазалық жұмыстарына тартылған кәсіпкерлермен уағдаласты, қарағайды заңсыз отап, сатылымға шығаруға жол берді деген ауыр айып тағылып отыр. Сондай-ақ аталмыш мекеменің бес бухгалтеріне қатысты тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, резерват есепшілері Бектеміровпен келісіп екі жыл бойы өздерінің және мекеменің бұрынғы қызметкерлерінің есепшотына ірі көлемде ақша аударып отырған. Осылайша бюджет қаражатын жымқырыпты. Тексеру барысында құжаттарға ағаштың құны, көлемі және түрі туралы жалған мәлімет енгізіліп келгені де анықталды. Осылайша мемлекетке 25 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Қазыбек Марданов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары:

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі прокуратураның үйлестіруімен табиғи резерват басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол кәсіпкерлерге орманды заңсыз кескені және сатқан үшін жүйелі түрде пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған. Резерват басшысы қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде