{metadescription}
Рейтинг: Қазақстанда 135 зілзала тіркеліп, әлемде алтыншы орынға шықты
Рейтинг: Қазақстанда 135 зілзала тіркеліп, әлемде алтыншы орынға шықты

Рейтинг: Қазақстанда 135 зілзала тіркеліп, әлемде алтыншы орынға шықты

Қазақстанда биыл 135 зілзала тіркеліп, жер сілкінісінің жиілігі бойынша әлемдік рейтингте 6-шы орынға бір-ақ көтерілді. Зілзала туралы деректерді демде тіркейтін халықаралық Earthquakelist.org сайтының мәліметі осындай.

Аталмыш рейтинг АҚШ геологиялық қызметі мен Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегіне негізделген. Ақпаратқа сүйенсек, елімізде небәрі бір айда тіркелген жер сілкінісі былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Ең жоғарғы магнитуда 7 . Ол 23 қаңтарда Алматыда сезілген күшті дүмпу екен. Ошағы Қытайдың Шыңжаң өлкесінде. Толқыны Қырғызстанның Ыстықкөл аумағында қатты болған соң көршілеріміз де сол рейтингте тұр. Бірақ бізден бір сатыға жоғары.

 Ал көшті бастап тұрған әдеттегідей Жапония. Күншығыс елінде қазіргі уақытқа дейін 217 зілзала тіркеліпті. Жыл басында болған жойқын апаттан мұнда 50 мың ғимаратқа зақым келген.

Отандық сейсмологтар Қазақстанға қатысты статистикаға сеніңкіремей отыр. Айтуларынша, елімізде небәрі бір айдың ішінде мыңнан аса зілзала тіркелген. Оның тек 16-сы ғана тұрғындарға сезіліпті.

Жансая Досымбекова, Алматы орталық сейсмологиялық обсерватория басшысы:

 Негізгі каталогқа енгізілген жер сілкіністері. Бұл таза жер сілкіністері. Ал, қазір жыл басынан бері 16 сезілмелі жер сілкінісі тіркелді. Оның 13-і кешегі 23 қаңтарда тіркелген жер сілкінісінен кейінгі афтершоктар. Көбінесе Қытай мен Қырғызстанның шекарасында болып жатыр ғой жер сілкінісі. Біздің аспаптардлың тіркеуіне байланысты біз солай ақпарат береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде