{metadescription}
Роман Скляр жаңа ипотека қалай қаржыландырылатынын айтты
Роман Скляр жаңа ипотека қалай қаржыландырылатынын айтты

Роман Скляр жаңа ипотека қалай қаржыландырылатынын айтты

Ескі де жаңа Үкіметтің мүшелері бүгін қолға алынғалы жатқан мемлекеттік бағдарламаларға да тоқталды. Жыл басында-ақ айтылғанымен, жаңа тұрғын үй бағдарламасынның әзірге жоспары ғана дайын. Сонда да үкіметтегілер жеңілдетілген ипотеканы наурызда бастап кететініне сенімді.

"9-20-25" бағдарламасына қатысуға ниеттілер жаңа салынып жатқан тұрғын үйді сатып ала алады. Жалпы жеңілдетілген ипотека арқылы жыл сайын 8 мың отбасы баспанамен қамтылмақ. Әсіресе баспанасы жоқ жанұяларға назар аударылады. Аты айтып тұрғандай, бағдарламада 20 пайыз бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады. Жаңа ипотеканы жүзеге асыру үшін жыл сайын 150 миллиард теңге қажет. Қаржыландырудың қалай іске асатынын Роман Скляр былай түсіндірді.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Бұл бағдарлама республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен іске қосылатын болады: «Отбасы банк» және республикалық бюджет. Әлихан Асханұлы Смайыловтың айтқанына келсек, бұл мәселе пысықталып, белгіленген мерзімде іске асырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде