{metadescription}
Ақтөбеде ақтүтек бораннан ықшамаудандар сусыз, жарықсыз қалды
Ақтөбеде ақтүтек бораннан ықшамаудандар сусыз, жарықсыз қалды

Ақтөбеде ақтүтек бораннан ықшамаудандар сусыз, жарықсыз қалды

Ақтөбеде ақтүтек бораннан бірнеше ықшамаудан су мен жарықсыз отыр. Қаланың қақ ортасында қарыс қадам көрінбейді. Дүлей жел үйлердің шатырын ұшырып, электр сымдарын үзіп кеткен. Қауіпсіздік мақсатында мектеп, колледж бен жоғары оқу орындарында сабақ тоқтатылып, оқушылар боран басылғанша онлайн оқиды.

Ақтөбеде мұндай алай-дүлей боранның соңғы рет қашан болғаны синоптиктердің есінде жоқ. Ұйытқи соққан жел екпіні секундына 30 метрге жетеді. Бұл солтүстік атлант циклонының әсері деп отыр. Ауа райын болжап отырған мамандардың сөзінше, ақ түтек боран жұмаға дейін басылмайды.

Қаланың қақ ортасында көлікпен жүрудің өзі қауіпті. Бораннан қарыс адым жер жөнді көрінбейді. Оған қоса көшелердегі қозғалысты реттейтін бағдаршамдар да істен шыққан. Облыс орталығынан шығатын жолдың бәрі жабылып, Ақтөбенің шет жағындағы ықшамаудандарға автобус қатынасы тоқтады.

Болат Серіков, Ақтөбе автомобиль жолы және жолаушылар тасымалы, ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Қаланың бүкіл бағытындағы жол жабық. Автобустарды да тоқтатып тастадық. Қаланың ішінде ауа райы осындай, тұрғын алаптарда ешқандай жол, метр жер де көрінбейді.

Дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кеткен. Боран басылмайынша оны жөндей қою мүмкін емес. Қираған төбе жабындысы мен сынған ағаштың астында қалған көліктер де бар. Ал түннен бері үш мыңнан аса шаңырақ жарықсыз отыр. Электр сымдары үзіліп, оны жалғау үшін монтерлерге ақтүтек бораннан бағанаға шығудың өзі қиындық тудыруда.

Асқар Бектұрғанов, «Энергосистема» ЖШС бас инженері:

Қатты желден сымдар бір-біріне тиеді де сөнеді. Изоляторды бағанаға басып тигізіп, жел бағыты кесе-көлденеңі соғып тұр, оңтүстік батыстан соққан жел кері әсерін береді. Табиғат құбылысына ештеңе істей алмаймыз.

Жарығы жоқ ықшамаудандар мен тұрғын үй алаптарында су да жоқ. Себебі, су қоймаларында сорғылар электрмен жұмыс істейді. Ал мектептен бастап колледж бен жоғары оқу орындарында бүгін сабақ онлайн өтіп жатыр. Оқушылар мен студенттерге үйден шығуға тыйым салынды.

Құтқарушылар қарлы боранда далада қалған жолаушылар көбейгенін айтады. Таңнан бері 150-дей адам қар құрсауынан шығарылып жылы жерге жеткізілген. Ақтүтекте жұмысқа бара жатқан ер адам жолынан жаңылып адасқан.

Таңертең түннен шығып кетіп бара жатыр едім.Бағытымды жоғалтып алдым да, боранда адасып кеттім. Балалар тауып алды, телефонмен хабарласып, құтқарушылар, көп-көп рахмет. Аман-сау тауып, енді жұмысқа жеткізіп тастасын деп жатырмын.

Ақтөбенің әуежайынан бүгін он рейс ұшып-қонуы керек еді. Бораннан әуе кемелері де көкке көтеріле алмай тұр. Ал сырттан келетіндері кешігіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде