Жолдарын қар басқан Қарағанды облысында жауапты тұлғалар жазаға тартылып жатыр
Қарағанды облысында қар басқан жолдардың тазалығына жауапты тұлғалар әкімшілік жазаға тартылып жатыр. Олардың арасында билік өкілдері, заңды тұлғалар және «Қазавтожолдың» Қарағанды филиалының директоры да бар.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
07.02.2024
Тәртіп сақшылары рейд ұйымдастырып, жолдың қараусыз қалған бөліктеріне жауаптыларды анықтап жатыр. Қардың дер кезінде тазаланбауынан көлік кептелісі болып, жол апаты жиілеген. Міндетіне салғырт қараған жауаптылардың бірқатарына ауызша ескерту берілді. Ал тазалыққа немқұрай қарап, сан мәрте көзге түскендеріне жүз мың теңгеге дейін айыппұл салынып жатыр. Жыл басынан бері осындай 83 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілкке тартылған. Олардың арасында төрт ауылдың әкімі, және жолға жауапты 77қызметкер бар. Полицейлер әкімшілік жазадан бәлендей нәтиже болмаса да, елдің шағымына әрекет етуге міндеттіміз дейді.
Құрманғали Исмағұлов, Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары:
— Техника жетіспейді. Қазір ауа райы тынық боп тұрғанның өзінде солай, боран соққанда тіпті үлгермей жатады. Қар басып жатқан соң, жолды жабуға мәжбүр боламыз. Бұл тұрғындарға ыңғайсыздық тудырады, әрине. Шағымданып жатады. Қыста жолдағы апаттың көбі жолдың уақтылы тазартылмауынан болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!