{metadescription}
Жаңа жыл: Алматыда Қытай консулдығы әуежайда сыйлық таратып құттықтады
Жаңа жыл: Алматыда Қытай консулдығы әуежайда сыйлық таратып құттықтады

Жаңа жыл: Алматыда Қытай консулдығы әуежайда сыйлық таратып құттықтады

Қытай халқы көктем мерекесін тойлауды бастап кетті. Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл біздің елде де атаусыз қалған жоқ. Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығы мерекелік іс-шараны биыл әуежайда өткізуді жөн саған. Дипломаттар жолаушыларға сыйлық таратып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Көктем мерекесі – Қытай мәдениетіндегі ең көне және ең маңызды дәстүрлі мерекенің бірі. Төрт мың жылдық тарихы бар мейрамға тұрғындар ерекше мән беріп, жыл сайын сән-салтанатпен атап өтеді. Бұл күндері қытайлықтар бір-біріне тәтті тағамдар сыйлап, көктемді қарсы алуға қамданады. Биылғы айтулы күн 10 ақпанға сәйкес келеді. Ай күнтізбесі бойынша 2024 жыл Айдаһар жылы. Ал бұл Қытай мәдениетіндегі ұлылықтың, тектіліктің символы.

Цзян Вэй, ҚХР Алматыдағы бас консулы:

Біз мұнда өзіміздің ұлттық дәстүрімізді көрсетеміз. Бізге келген қонақтарға тәттілер таратамыз. Және сіздерге ұнайды деген сенімдеміз. Осыны пайдалана отырып, шын жүректен, біздің қазақстандық достарымызды келе жатқан көктем мерекесімен құттықтағым келеді. Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмайтын бақыт, жұмыста сәттілік және барлық жақсылықты тілеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде