Түркістанда әйел өзінің екі баласын өлтіріп қашып кеткен
Түркістанда екі баласын жалдамалы пәтерде өлтіріп қашып кеткен әйел ұсталды. Кешелі бері оңтүстіктің полицейлерін аяғынан тік тұрғызған күдікті Шымкенттен табылған.
Автор: Бек Әбиев
08.02.2024
Қызылорда облысының тумасы Түркістанға қыдырып келген екен. Киелі шахарда пәтер жалдап тұрған. Шиелі ауылында балабақшада жұмыс істеп келген 31 жастағы әйелдің Түркістанға неге және кімге келгені әзірге белгісіз. Өзінің туған күнінде жалдамалы пәтерде 5 және 2 жастағы балаларын жастықпен тұншықтырып өлтіргенін құрбысына телефонмен айтып, өзі із суытқан.
Күдікті екінші күн дегенде Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінен ұсталды. Түркістанға жеткізілген оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр. Жантүршігерлік оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мұрат Қабденов, Түркістан облысы ПД бастығы:
— Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!