{metadescription}
Қар құрсауында қалған Ақадырда кімнен көмек сұрарын білмей отыр
Қар құрсауында қалған Ақадырда кімнен көмек сұрарын білмей отыр

Қар құрсауында қалған Ақадырда кімнен көмек сұрарын білмей отыр

Ақмола облысындағы Ақадыр ауылы бір аптадан бері қар құрсауында жатыр. Облыс орталығынан 20 шақырым жердегі елдімекен тұрғындары иен далада ешкімге керек болмай қалдық деп қамығып отыр.

Әдебиет Сағдолда, Ақадыр аулының тұрғыны:

Бір жұма болды, жолды тазалай алмай жатыр. Жалғыз трактордың шамасы келмейді. Ешқандай жағдай жоқ, қазір ауылдан шыға алмай отырмыз.

100-ге тарта түтіні бар Ақадыр ауылы үлкен жолдың бұрылысында тұр. Бірақ бұл тоғыз шақырым жол жабылып қар басып қалғалы бір аптадай болған. Көктемде су басып, қыста қар құрсауында қалатын осы жолдың қияметін ақадырлықтар тартып ақ келеді. Өйткені Көкшетауға жақын болғандықтан малмен жан бағып отырған жұрт ет-сүт өнімдерін базарға апарып саудалайды. Ал жастар жағы қалаға барып келіп жұмыс істейді екен. Қалың қардан қатынас тоқтаған. Сондықтан жұмысқа да бара алмай отыр екен. Аудан не ауыл әкімдерінен қайыр болмай, әбден әбігерге түскен жұрт кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде