«Қазгидромет»: Қолайсыз ауа райы 7 аймақта екі күн сақталады
Бас қалада да күн райы күрт құбылып, таңнан бері бет қаратпас боран соғып тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазгидромет» қолайсыз ауа райы 7 аймақта екі күн сақталатынын хабарлады.
Автор: Айжан Шамшидин
08.02.2024
Бүгіннен бастап Астана қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асады.
Ауа райын болжаушылар мұны Скандинавия түбегінен жеткен циклонның әсері деп түсіндірді. Сондықтан бүгін-ертең алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Трассаларды былай қойғанда, бір Астананың өзінде жол апаты жиілеген. Мектеп пен балабақшаларда сабақ онлайн режимге ауыстырылды. Ал елорданың әуежайында бес рейс кейінге шегеріліп, 18 ұшақ уақытынан кешіккен.
Афродита Пірімжар, "Қазгидромет" РМК 1-санатты инженері:
— Алдағы күндері Қазақстан кезекті атлантикалық циклонмен байланысты фронттардың әсерін сезетін болады. Бұлтты және желді ауа райы күтілуде. Еліміздің солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей уақытта 30 метр секундқа дейін күшейеді. Жаңбыр мен қар, түнде жауын-шашын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!