{metadescription}
Леңгірде жарылған дүкеннің ішінде әжесі мен немересі болған
Леңгірде жарылған дүкеннің ішінде әжесі мен немересі болған

Леңгірде жарылған дүкеннің ішінде әжесі мен немересі болған

Түркістан облысындағы Леңгір қаласында дүкен жарылды. Бұл кезде ғимарат ішінде әжесі мен немересі болған. Жарылысқа дүкеннің газ құбырының үстіне салынғаны себеп болуы мүмкін.

Газ құбырының үстінде тұрған азық-түлік дүкенінің ішінде газ болмаған. Жарылыс дүкен ішінде қысқатолқынды пеш қосылған кезде шығыпты. Дүмпудің күшті болғаны сонша, ғимараттың 40 пайызы қирап қалған. Заңсыз құрылысты сүріп тастамаған жауаптылар енді «ескерту бергенбіз» деп есеп беріп жатыр. Ал оқыс оқиға кезінде ғимарат ішінде болған 58 жастағы әйел мен немересі жергілікті ауруханаға жеткізілді. Киімі өртеніп шошып қалған бес жасар қыз үйіне қайтарылса, күйік шалған әжесі дәрігерлердің бақылауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде