{metadescription}
Жамбыл облысында бұрынғы аудан әкімі мемлекет қаражатын 7 жыл бойы жымқырып келген
Жамбыл облысында бұрынғы аудан әкімі мемлекет қаражатын 7 жыл бойы жымқырып келген

Жамбыл облысында бұрынғы аудан әкімі мемлекет қаражатын 7 жыл бойы жымқырып келген

Жамбыл облысында бұрынғы аудан әкімі алма көшеттеріне бөлінген мемлекет қаражатын 7 жыл бойы жымқырып келген. Оның екі ай бұрын субсидияға бөлінген 210 млн теңге қаржыны қолды қылғаны белгілі болды.

70 жастағы кәсіпкер сыбайласы екеуі жеміс көшеттерін саттық деп жалған құжаттар жасапты. Тіпті өзге облыстарға да өнім жеткіздік деп өтірік есеп берген. Ал іс жүзінде жасаған жұмысы алған ақшасына татымайды. Есебі мықты экс әкім осыдан 26 жыл бұрын Меркі ауданын бір жыл басқарып, бизнес саласына бет бұрған. Былтырға дейін «Меркі» тәжірибелік шаруашылық» серіктестігінің басқарма төрағасы болған. Оның әккі әрекеті әшкере болып, алаяқтық бабымен іс қозғады. Қазір күдікті қамауда. Ал орынбасары болған 64 жастағы азаматша үй қамаққа алынған.

Ақберген Мүлкіманов, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма бастығы:

Бір шаруашылық 500 түп алма ағашын нақты сатып алған болса, оған жалған көрсетіп, 500 емес, 7 мың, 6 мың түп деп көрсетіп, субсидия алуға өтініш беріп отырған. Бұл қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-ші бөлігі , 2-тармағы, яғни оның санкциясы бойынша 5 жылдан 10 жылға бас бостандығынан айыру, сонымен қатар қосымша жаза өмір бойына дейін мемлекеттік қызмет атқару құқынан айырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде