{metadescription}
0:000:00
Елімізге құйылған инвестиция 20 млрд доллардан асты

Елімізге құйылған инвестиция 20 млрд доллардан асты

Қазақстан шетелдік инвесторларды қызықтыра бастады. Өткен жылы елімізге құйылған қаражат көлемі 20 миллиард доллардан асқан. Ең тиімдісі тау кен және шикізат өңдеу салалары болып тұр. Одан кейінгі сұраныс артып келе жатқаны өндірістік сектор екен.

Қарағанды облысындағы Саранда өзбектің «Артелімен» бірлескен тұрмыстық техникалар шығарыла бастады. Аталған бренд тұрмысқа қолайлы және бюджетті саналады. Мәселен, кір жуғыш машина орталық су құбыры тартылмаған үйге таптырмас техника. Ал плиталар шағын пәтерлер мен саяжай тұрғындардың сұранысына ие. Ыстық суы жазда болмайтын Қарағандыда су жылытқыштар жақсы сатылады.

Зауытта 7 түрлі техника жиналады. Қосалқы бөлшектері әзірге Өзбекстаннан келіп жатыр. Жылдың аяғына дейін ол да осында жасалады. Сонда жылына миллионнан аса тұрмыстық техника шығарамыз деп отыр. Аталған техникалар дүкендерге түсе бастады.

Александр Критский, Silk road electronics ЖШС техникалық директоры:

Ауқымды тауараларын төгетін Қытай бәсекелестік тудырады, әрине. Бірақ бізде салық жеңілдігі мен жергілікті өндіріс бар. Сондықтан баға бәсекелестігін тудыра аламыз. Барлығы зерттеліп, есептелген. Қазақстан инвестиция тұрғысынан қызығуын арттыра бастады. Қолайлы экономикалық климат орнап, көптеген бағдарлама құрылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде