{metadescription}
Көшкіннен қаза тапқан алматылық отбасының несиесі кешіріледі
Көшкіннен қаза тапқан алматылық отбасының несиесі кешіріледі

Көшкіннен қаза тапқан алматылық отбасының несиесі кешіріледі

Көшкіннен қаза тапқан алматылық отбасының несиесі кешіріледі. Бүгін Ерболат Досаев қайтыс болған ерлі-зайыптылардың үлкен ұлы Дмитрий Шиннің шетелдегі оқуын жалғастыруға қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

Орны толмас қазаға қайғырып көңіл айтамыз. Әкімдік жерлеу және еске алу шараларына байланысты туыстарына барлық қажет көмекті көрсетеді. Ал осы үйдің үлкен ұлы бүгін кешке Алматыға келеді, шетелде білім алып жатқан Дмитрий Шинге оқуына қаржылай көмек, сонымен қатар ата-анасының материалдық міндеттерін шешуге көмек көрсетіледі.

Бүгінде апат болған аймақ әлі де тазартылып жатыр. Айналасы қоршалған.

Еске салсақ, төтенше жағдай 8 ақпанға қараған түні Алматының "Тау самалы" ықшам ауданында болған. Көшкін бірнеше қамыс үйді басып қалды. Соның салдарынан ерлі-зайыптылар мен олардың 16 жастағы егіз ұлдары қаза тапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде