{metadescription}
«Бетперде тағыңдар». Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады
«Бетперде тағыңдар». Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

«Бетперде тағыңдар». Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатыр. Тек қаңтар айының өзінде сырқаттанушылар саны екі жарым есеге артқан. Әсіресе Алматы мен Астана қаласында ауру жұқтырғандар көп. Осыған байланысты бас санитар дәрігер қоғамдық орындарда бетперде тағуға кеңес берді.

Айжан Есмағамбетова, Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитария дәрігері:

Айналымда жүрген штамм   «Омикрон». Көбінесе жеңіл түрде өтеді. Ковидтің белгілері өзгерген жоқ: дене қызуы, жөтел, тыныс алу жолдарының бітелуі және әлсіздік. Осал топтар 60 жастан асқандар және қосалқы ауру барлар. Жіті респираторлық вирустық инфекцияның өсуі екі-үш демалыс сақталады. Содан кейін сырқаты төмендейді.

Өткен аптаның өзінде 129 азамат коронавирус жұқтырған. Соның басым көпшілігі  елорда мен Алматы тұрғындары. Дегенмен денсаулық сақтау министрлігі шектеу шарасын енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Себебі науқас саны артқанымен, әлі де шұғыл шаралар қабылдайтын жағдайда емес екен. Десе де қоғамдық орындарды сақтық шарасын сақтау керек. Мәселен, мәжіліс ғимаратында қазір де бетпердесіз жүруге болмайды. Санитар дәрігерлерді қазір коронавирустан бұрып, қызылшаның жағдайы алаңдатып отыр. Себебі  дерт балаларды қойып, ересектер арасында тез таралып жатыр.

Сархат Бейсенова, Астана қаласының Бас санитария дәрігері:

Ересектер арасында сырқаттану өсіп барады. Қарқынды көрсеткіш 25,2-ден 40,2-ге дейін немесе 37,3% - ға өсті. Инфекцияның таралуын қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар жалғастыруда, сырқаттанғандардың 68 пайызын осы кісілер құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде