{metadescription}
Астанада коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Астанада коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Астанада коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Астанада жаңбыр жауып, көшені еріген қар суы басты. Қолайсыз ауа райынан коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті. Күні кеше елордада қатты дауыл соқса, бүгін күн күрт жылыған.

Астанада бір тәулікте 250-ден астам жол апаты тіркелді. Ал коммуналдық қызмет бір түнде 40 мың текше метрден аса қар шығарыпты. Әлі де бірсыпыра көшеде еріген қар суымен арпалысып әлек.

Елорда әуежайында 20-дан астам рейс кейінге шегерілді. 70-ке жуық адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Ауа райының нашарлауына байланысты 9 сыныпқа дейін сабақ онлайн форматқа көшірілді.

Лаура Қанатқызы, "Қазгидромет" РМК синоптигі:

Скандинавиялық циклон бірте-бірте елімізден ығысатын болады, бірақ Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ сақталады. Содан кейін атмосфералық қысымның жоғарылауымен жауын-шашын сәл тоқтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде