{metadescription}
Ескертуге қарамай жолға шыққандар құтқарылып жатыр
Ескертуге қарамай жолға шыққандар құтқарылып жатыр

Ескертуге қарамай жолға шыққандар құтқарылып жатыр

Қарағанды облысында бірнеше күннен бері дауылды ескерту жарияланып жатыр. Ақтүтек боран, көктайғақ пен қатты желге байланысты барлық бағыттағы жол жабылған. Бірақ соған қарамастан сапарға шығып қар құрсауында қалғандарды құтқару толастар емес. Қатты бораннан электр желілері зақымдалып бірқатар қалалар жарықсыз да қалды. Шығыс өңірінде де ауа райы құбылып, жолдар жабылып жатыр.

Семейде барлық бағыттағы жол жабық. Қарлы боранның соңы жаңбырға ұласып, жол атаулы көктайғақ. Семей мен Қарағандыда мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға көшті.

Орталық өңірде кешеден бергі аласапыранда құтқарушылар мен полицейлер тыным таппай жатыр. Түннен бері полиция жолда қалған 500 жүк және 1100 жеңіл көлікті бастап діттеген жеріне жеткізді.

Қарағанды мен Теміртау арасында осылайша патрульдер 7 рет жүріп өткен. Шахтинск, Долинка мен Шаханда түнгі екіден кейін жарық сөне бастады. Оны жөндегенше 12 сағат өтті. Біразы әлі жарықсыз отыр.

Облыс әкімі бүгін мекемелерге жұмыстағыларды үйіне ертерек жіберуді сұрады. Тіпті бүгінге жоспарланған қаланың 90 жылдық мерейтойына арналған отшашу да атылмайтын болды.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облысы ТЖД бастығы:

 Адағы күндері, әсіресе бүгін және ертең, 10 ақпанда өңірде құбылмалы ауа райы сақталады. Қар және жаңбыр бұрқасын, көктайғақ желдің жылдамдығы секундына 20 мет , кейбір жерде 28 метрге дейін күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 қараша

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде