{metadescription}
Ақтөбе жұрты жарықсыз, сусыз қалды, ал ауылдар арасындағы көлік кептелісі үш мыңға жеткен
Ақтөбе жұрты жарықсыз, сусыз қалды, ал ауылдар арасындағы көлік кептелісі үш мыңға жеткен

Ақтөбе жұрты жарықсыз, сусыз қалды, ал ауылдар арасындағы көлік кептелісі үш мыңға жеткен

Ақтөбеліктер ақ түтек боранның кесірінен судан тарығып қалды. Үш күн қатарынан электр қуатының болмауынан су тоғандары да жөнді жұмыс істемеді. Амалы таусылған жұрттың қар суын қажетіне жаратуға тура келді.

Неше күн бойы жарық пен судың болмауы ақтөбеліктерді ашындырды. Қаланың бірнеше ықшам ауданында тұрғындар жиналып, жергілікті билікке наразылығын жеткізді. Шаһарда жарық толықтай берілгенімен, судан қиындық көріп отыр. Әсіресе көп қабатты үй тұрғындары не істерін білмей дал. Ішер суды дүкеннен сатып алғанымен, дәретханаға қар ерітіп құйып отыр.

Облыс орталығында боран басылғанымен, аудандарда жағдай бұрынғысынша. Ақтөбе мен Қарабұтақ ауылы арасында кептелісте тұрған көліктер үш мыңға жеткен. Ал жылыту орнын 800-ден астам адам паналап отыр. Барлығы жолда қалған шетелдіктер. 25 ауылда электр сымдары үзіліп, жарық жоқ. Ақтөбеде су мәселесі гидровикалық режимнен өткен соң, яғни тоғандағы су қысымы көтерілгеннен кейін шешіледі дейді коммуналдық мекеме басшылары.

Амангелді Боранқұлов, Aqtobe Su-Energy group АҚ бас инженері:

Боран әсер етті. Мына ауа райының қолайсыздығы, ылғал болды. Содан кейін қардың қалың жаууына байланысты біздің көптеген насостардың, бәрі электр жүйесімен жұмыс істейді ғой. Апат жағдайы туды, соған байланысты болған нәрсе.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде