{metadescription}
Премьер-министр Олжас Бектенов министрлерге әр тиынның сұрауы болатынын айтты
Премьер-министр Олжас Бектенов министрлерге әр тиынның сұрауы болатынын айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов министрлерге әр тиынның сұрауы болатынын айтты

Ешкім де ақшаны босқа шашпауы керек. Премьер-министр Олжас Бектенов министрлерге әр тиынның сұрауы болатынын айтты.

Мәселен, қаржы министрлігіне он күн ішінде республикалық бюджетке, ал бір ай ішінде жергілікті бюджеттің барлығына ревизия жасау міндеті жүктелді. Қорытындысына сәйкес, мәнсіз шығындар қысқартылады.

Бірінші вице-премьер Роман Скляр да алдағы он күнде тыным таппайтын болды. Премьер оған ірі өнеркәсіп иелерімен келіссөздер жүргізуді тапсырды. Алпауыт компанияларға шетелдік өнімнен бұрын отандық құрылыс материалдарымен жұмыс істеу ұсынылмақшы.

«Біз батыл әрекет ететін үкімет боламыз» деп, кеңесте бірнеше рет қайталаған Бектенов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін де өзгертпекші. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі жүйені қайта қарап, ұсыныстар әкелуге тиіс.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Министрлер өз бетінше шешім қабылдауы тиіс. Жұмыс қарқыны қауырт. Ал талап қатаң болатынын түсіну керек. Өсу қарқынын тиімді ұлғайту экономиканы әртараптандыруды белсенді жүргізу инсвестиция тарту және барлық салалық проблемаларды шешу үшін Үкіметке жеткілікті өкілеттіктер берілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.